Қайықта қаза тапқандар саны артты

Ливиядан Еуропаға заңсыз мигрант апара жатып батқан қайықтағы жолаушыларды іздеу жалғасуда.

371650
Қайықта қаза тапқандар саны артты

Ливия маңында батқан қайықта қаза тапқандардың саны 119-ға жетті.


Ливиядан Еуропаға заңсыз мигрант апара жатып батқан қайықтағы жолаушыларды іздеу жалғасуда.


Ливия Қызылайы 400 адам тасыған қайықтан 198 адамның құтқарылғанын хабарлады.


Ливия Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы кеше Зувара маңында батқан қайықтағы босқындардың кемінде 80-інің қаза болғанын білдірген еді.


Еуропаға биыл теңіз арқылы жетуге тырысқан мигрант саны 255 мыңнан асты.


Өткен жылы 219 мың заңсыз мигрант Жерорта теңізінен өтіп, Еуропаға жетіп, шамамен 3500 адам болса жолда қаза болған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар