Батыс Балқан саммиті

Басшылар мигрант тақырыбын талқылады.

370967
Батыс Балқан саммиті

Австрияның ел ордасы Венада Еуропаны шайқаған мигрант дағдарысын талқылау үшін «Батыс Балқан саммиті» өтті.


Еуропа Одағы басшылығында болған саммитте аймақ елдерінің басшыларымен қоса Германия канцлері Ангела Меркел де қатысты.


Балқан елдері мигрант ағыны алдында Еуропа Одағынан жеткілікті көмек ала алмағандарына шағым жасады. Осыған орай Ангела Меркел: «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет осыншама мигрантпен бетпе-бет қалып отырмыз. Біз еуропалықтар ретінде бейбіт өмір сүруді үйрендік. Балқан елдерімен бейбітшілік үдерісі де кері кетпейді. Енді осы аймақта да бейбітшілік пен тыныштықты қамдау – біздің міндетіміз. Бірақ елдеріміздің тарихына қарамастан, қиын жағдайдағы осы адамдарға көмектесу және оларды қорғау өте маңызды» деді.


Меркел айырықша еліне кіретін мигранттардың тексерілетінін, түп тамырларының зерттелетінін айтты.


Саммитті өткізген Австрияның сыртқы істер министрі Себастиан Курз да мигрант ағынына орай бес баптық шешім жоспарын ұсынды. Жоспар мигранттардың өтініштері қабылданатын сенімді алаң қалыптастырылуын көздейді.


Шекараларда қауіпсіздік шарасының арттырылуы және адам сатушыларға қарсы бірігіп күресу де жоспардың ішінде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар