Бүгін – Бүкіләлемдік Рабиа күні

Мұхаммед Мурсидің төңкеріспен міндетінен алынғанына екі жыл болды.

326922
Бүгін – Бүкіләлемдік Рабиа күні

Мысырдың демократиялық әдіспен сайланған тұңғыш президенті Мұхаммед Мурсидің төңкеріспен міндетінен алынғанына екі жыл болды.


Мурсидің төңкерілуі халық пен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыстарды бастатты. Каирде Рабиатүл Адевийе және Нахда алаңдарында жиналған демократия жақтаушыларына армия қатаң жауап қайтарды.


Халық талабы танктармен бастырылып, оқиға барысында мыңнан астам адам қаза тапты, мыңдаған адам жараланды.


Қанды операция мен қырғынды Адам құқықтарын бақылау ұйымы «Адамдыққа жатпайтын қылмыс» деп атады.


Мысырда Рабиатүл Адевийе алаңындағы осы қанды қырғынның екі жылдығында Түркиямен қоса 30-дан астам елде шаралар ұйымдастырылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар