Суручтағы шабуылды барша әлем айыптады

Суруч террор шабылуына наразылық көрсетілді.

382937
Суручтағы шабуылды барша әлем айыптады

Шанлыурфаның Суруч ауданында ұйымдастырылған террор шабуылына барша әлем наразылық көрсетті.
Шетелдік хабар агенттіктерінде кең орын алған опасыз лаңкестікті Америка Құрама Штаттарынан Ресейге дейін көптеген ел мен ресми ұйымдар қатал түрде айыптады.
Біріккен Ұлттар Ұйысы Бас хатшысы Пан Ги Мун жай халықты нысанаға алған Суруч террор шабылуына наразылық көрсетті.
НАТО мен Еуропа Одағынан жасалған мәлімдемелерде де опасыз шабуылды айыптады.
АҚШ әкімшілігі де Суручта болған лаңкестік шабылды қатал түрде даттады.
АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешесі Джон Керби тарапынан жарияланған мәлімдемеде «АҚШ Суручта ұйымдастырылған террор шабуылын айыптауда» делінді.
Ресей Президенті Владимир Путин да шабуылдан кейін Президент Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.
Франция, Пәкістан, Катар және Мысыр да Суручта өткен террор шабуылын айыптады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар