ДАИШ нысаналарына әуе шабуылы жасалды

ДАИШ-тің Сирия мен Ирактағы нысаналарына 27 әуе шабуылы ұйымдастырылды.

380767
ДАИШ нысаналарына әуе шабуылы жасалды

АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күштерінің террор ұйымы ДАИШ-тің Сирия мен Ирактағы нысаналарына 27 әуе шабуылы ұйымдастырғаны білдірілді.
Сирияда Хасеке маңындағы 2 бөлек шабуылда ДАИШ-тің тактикалық базалары жойылды.
3 тактикалық базаны нысанаға алған Халебтегі шабуылда болса сауытты бір көлік жойылды.
Дейр-зор маңындағы 2 әуе шабуылында да ұйымға тиесілі екі қойма жойылды.
Иракта болса 20 әуе шабуылы ұйымдастырылды. Шабуылдардың бесеуі Рамади төңірегіндегі ұйымның жарылғыштарын қамтамасыз еткен 4 зауыт пен 1 сауытты көлік және жарылғыш жүкті бір көлікті жойды.
Ирактағы басқа әуе шабуылдары Набаниях, Хадисе, Махмур, Мосул, Рамади, Синджар және Тельфер қаласы маңында жүзеге асты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар