Ұлыбритания мен Франция арасында 3 мың 500 көлік тоқтап қалды

Францияда паром жұмысшылары жаппай жұмыс тастады.

330426
Ұлыбритания мен Франция арасында 3 мың 500 көлік тоқтап қалды

Франция мен Ұлыбританияны байланыстырған Ла-Манш теңізінде паром мен пойыз қатынасы толығымен тоқтады.
Екі ел арасында қатынасты қамтамасыз еткен паром фирмасы «MyFerryLink» жұмысшыларының 1 аптаның ішіндегі екінші жұмыс тастау акциясы тарады.
Француз паром жұмысшылары айлықтарының қысқартылуы себепті жұмыс тастады.
Ереуілшілер паромдардың тендерін қабылдап алатын даниялық фирманың шамамен 200 адамды жұмыстан шығаруына наразылық көрсетеді.
Ұлыбританиядан Францияға өту үшін туннельге кірген 3 мың 500 жүк көлігі жұмыс тастау акциясы себепті туннельде қамаулы қалды.
Жүк көліктері 48 шақырым ұзындығында кезекке тұрды.
Жағдайға ашуланған жүргізушілер күтуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар