Францияда лаңкестік

Шабуылдаушылар базада бір адамның басын кесіп өлтірді.

320891
Францияда лаңкестік

Францияның Гренобль аймағындағы бір табиғи газ базасына террор шабуылы жасалды.


Шабуылдаушылар базада бір адамның басын кесіп өлтірді, көптеген адам жараланды. Шабуылдаушылардың екі немесе үш кісі екені айтылды.


Куәгерлердің айтуынша шабуылдаушылар бір автокөлікпен Лион маңындағы базада газ контейнеріне соқты.


Базада жарылыс болып, өрт шықты. Бұл база бір Америка компаниясына тиісті.


Полиция күдіктіні ұстады деген хабар да келуде.


Франция Ішкі істер министрі оқиға болған жерге барды. Франция президенті Франсуа Олланд та Еуроодақ сапарын тастап, еліне оралуда.


Франция президенті оқиғаны лаңкестік деп атады.


Оқиғаға байланысты тергеу басталды.


Қолға түскен күдіктіні француз барлау қызметі көптен бері бақылап жүрген көрінеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар