'Нормандия төрттігі' сыртқы істер министрлері басқосты

Министрлер Украинаның шығысындағы соңғы жаңалықтарды қолға алды.

316071
'Нормандия төрттігі' сыртқы істер министрлері басқосты

Франция, Германия, Ресей және Украина Сыртқы істер министрлері Украинаның шығысындағы соңғы жаңалықтарды қолға алу үшін Парижде басқосты.
Кездесудің артынан жазбаша мәлімдеме жасаған Франция Сыртқы істер министрі Лоран Фабиус Украинаның шығысындағы жаңалықтардың өздерін қатты алаңдатқанын атап көрсетті.
Фабиус аймақта гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық жағдай мен саяси тәртіптің қайта орнауы үшін дағдарысты дереу шешіп, атысты тоқтату керектігін білдірді.
Мәлімдемеде «Нормандия төрттігі» ретінде аталған Франция, Германия, Ресей және Украинаның дағдарыстың шешімі мен берілген уәделердің орындалуы үшін барлық талпынысты көрсету тақырыбында тұрақты екені атап көрсетілді.
12 ақпан күні жасалған атысты тоқтату мен ауыр қарулардың аймақтан кері шегуін қамтыған келісімнің артынан аймақтағы қақтығыстар осы айда қайтадан бастады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар