Судан президенті Бешир Хартумға кері оралды

Бешир Халықаралық Қылмыс соты тарапынан айыпталуда.

305516
Судан президенті Бешир Хартумға кері оралды

Судан президенті Бешир Хартумға кері оралды.


Оңтүстік Африкада жергілікті бір соттың шетелге шығу тыйымына қарамастан еліне оралған Судан президенті Бешир елордасы Хартумға жетті.


Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласынан кеткен Судан басшысы Өмер Әл Беширді тасыған ұшақ Халықаралық Хартум әуежайына келіп қонды. Ұлттық Конгресс партиясының шақыруымен әуежайында жиналған шамамен 700 адамдық бір топ Беширге қолдау беретін ұран тастады.


Сәуір айында өткен сайлауда қайтадан президенттікке сайланған Бешир Халықаралық Қылмыс соты тарапынан айыпталуда. Сот Дарфурда көптеген адам қаза тапқан қақтығыстарға Бешир жауапты деп отыр. Сот Бешир жөнінде 2009 және 2010 жылдары екі рет тұтқындау үкімін шығарған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар