«Түркия маңызды рол ойнайды»

АҚШ Түркиямен әріптестігін жалғастырады.

302202
«Түркия маңызды рол ойнайды»

Америка Құрама Штаттары президенті Барак Обама G7 саммитінде «Ирак және Сирияға шетелдік жауынгер баруына кедергі болу үшін талпыныс керек» еді. Обаманың осы сөздерінің жаңғырығы жалғасуда.


АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Джеф Ратке Түркияның босқын, гуманитарлық дағдарыс сынды тақырыптарда көп зиян көрген елдердің бірі екенін атап көрсетті. Ратке Ирак және Сирияға шетелдік жауынгер келуіне кедергі болу тақырыбында Түркиямен ынтымақтастықта жетістіктерге жеткенін айтты.


Американдық өкіл Түркияның осы тақырыпта басқан қосымша қадамдарды еске салды. «ДАИШ-ке қарсы күрестің барлық сатысында Түркиямен серіктестігіміз бар. Түркия осында маңызды рол ойнайды. Түркиямен әріптестікті жалғастырамыз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар