НАТО-ның бұрынғы басшысы түсініктеме береді

Басшылардан Данияның соғысқа қатысуының заңды себептері туралы сұралады.

292681
НАТО-ның бұрынғы басшысы түсініктеме береді

НАТО-ның бұрынғы басшысы түсініктеме береді.


НАТО-ның бұрынғы бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен премьер-министрлік қызмет атқарған кезеңінде Данияны Ирак пен Ауғанстан соғысына енгізгені үшін түсініктеме беруге шақырылды.


Данияда қалыптастырылған «Ирак және Ауғанстан соғыстарын тексеру комиссиясы» Расмуссенмен бірге бұрынғы Сыртқы істер министрі Пер Стиг Меллер сынды басшылардың да түсініктемесінің алынуын ұйғарды.


Осы басшылардан Данияның соғысқа қатысуының заңды себептері туралы сұралады.


Кезінде «Ирактағы Саддам Хүсейін билігінің қолында химиялық қару бар екені және әлемге қауіп төндіргені» себебімен соғысқа кіруі керектігін алға тартқан Расмуссеннің осы шешімі көпке дейін талас болған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар