Коалиция күштері одан көп ақпарат бөлісу тақырыбында келісті

Париж қаласында кеше ИШИМ-ге қарсы ортақ күрес жиналысы өтті.

292129
Коалиция күштері одан көп ақпарат бөлісу тақырыбында келісті

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрі мәлімдемешісі Мария Харф террор ұйымы ИШИМ-ге қарсы құрылған коалициядағы мемлекеттермен ақпарат бөлісуді арттыру тақырыбында келіскендерін атап айтты.
Ұйымға қарсы Ирак әкімшілігіне қолдау беру жұмыстарын жылдамдатқандарын атап айтқан Харф сондай-ақ Анбар уәлаятын террористтерден құтқару үшін мың дана антитанк қағар қаруының өткен айдың ішінде Иракқа жіберілгенін мәлімдеді.
Францияның астанасы Парижде кеше өткен және ИШИМ-мен күресте жаңа шешімдер қабылданған бір күндік жиналыста сөз алған Ирак премьер-министрі Хайдар эл-Ибади коалицияға қолдау берген 25 елден одан көп қолдау күткендерін жеткізген болатын.
Әуе шабуылдарының жеткіліксіз екеніне назар аударған Ибади күн өткен сайын ИШИМ қатарына одан көп шетелдік содырдың қосылғанын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар