АҚШ-та өмір сүрген еврейлер Израильді протест етті

Хасиди еврейлері Израиль үкіметіне қарсы ұрандар тастап Палестина байрағы көтерді.

299675
АҚШ-та өмір сүрген еврейлер Израильді протест етті

Жыл сайын ұйымдастырылған Израиль Мәдениеті шеруі жексенбі күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы 5-ші даңғылда өтті.
Мыңдаған израильдік еврей қатысқан шеруде бір топ Хасиди еврейі Израиль үкіметіне наразылық көрсетті. Хасиди еврейлері Израиль үкіметіне қарсы ұрандар тастап, қастарындағы Палестина байрақтарын көтерді.
Раввин Довид Филдман Израиль мемлекетінің еврейлер үшін ұялту себебі екенін және тұрақты түрде еврейлерге өкілдік жасай алмағанын атап көрсетті. Филдман «67 жылдан бері болмысын жалғастырған осы мемлекет негізінде дін мен тәңірден аулақ, ұлттық және материалды мүдделерді қорғау үшін құрылған бір ел. Сондай-ақ Палестинаға жасағандарының артынан біздің атымыздан сөйлеуі мүмкін емес» деді.
Наразылық кезінде кейде шеруге қатысқандар мен Хасиди еврейлер арасында талас-тартыстар болды.
Нью-Йорк полициясының ауқымды қауіпсіздік шарасы қабылдаған шеру қақтығыссыз тарқады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар