Палмира ежелгі қаласы ИШИМ-нің бақылауына өтті

Палмира бірнеше күннен бері жалғасқан қанды қақтығыстардың артынан ИШИМ-нің бақылауына өтті.

283258
Палмира ежелгі қаласы ИШИМ-нің бақылауына өтті

Сирияның әлем мұра тізіміне алынған 2 мың жылдық ежелгі қала Палмира бірнеше күннен бері жалғасқан қанды қақтығыстардың артынан ИШИМ-нің бақылауына өтті.
Террор ұйымы қаладағы түрме, аурухана және әуе жайының да қолға түсірді.
Асад режимінің әскерлері қарқынды қақтығыстардың артынан қаладан кері шегінді, жазықсыз адамдар болса эвакуацияланды.
ИШИМ ұйымы мүшелері Палмира ежелгі қаласын қоршаған Тедмур қаласын да қолға түсірді.
Хомустың шығысында қалған Палмира қаласы БҰҰ Оқу білім және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның Әлем мұра тізімінде орын алады.
ЮНЕСКО ежелгі қаланы қорғау үшін жедел шара қабылдау керек екенін ескертті.
ИШИМ мұның алдында да қолға түсірген ежелгі қалалардағы жәдігерлерді жойған болатын.
Сирия әкімшілігі ежелгі қаладағы жүздеген мүсіннің қауіпсіз аймақтарға апарылғанын жариялады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар