Режим күштері сорғыш бомбаларымен шабуылдады

Сирия армиясына тиесілі жойғыш ұшақтар Идлибтің Даркуш ауданына сорғыш бомбаларымен шабуылдады.

281896
Режим күштері сорғыш бомбаларымен шабуылдады

Сирия армиясына тиесілі жойғыш ұшақтардың Идлибтің Даркуш ауданына сорғыш бомбаларымен жасаған шабуылында араларында әйелдер мен балалар да бар 20 адам қаза тапты, 30 адам жараланды.
Оппозициялық құрылымға жауапты Сирия Жалпы төңкеріс кеңесі жасаған мәлімдемеде базарға тасталған 3 сорғыш бомбалы шабуылда жараланған және жағдайы ауыр күйде болған көптеген адамның Түркиядағы ауруханаларға жіберілгені атап көрсетілді.
Шабуылда жараланған біреуі нәресте барлығы 5 адам Джилвегөзү шекара қақпасынан Хатайдың Рейханлы ауданына әкелінді. Осында денсаулық сақтау топтары тарапынан жарақат алғандарға алғашқы емдері жасалып, мемлекеттік ауруханаға жеткізілді.
Идлибтің Түркия шекарасына жақын көптеген тұрғын аймағында режим күштері мен оппозиционерлер арасындағы қақтығыстар жалғасуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар