Еуроодақ Мысыр сотының өлім жазасы шешіміне наразылық көрсетті

Еуроодақ Мысырда сайланған елбасы Мұхаммед Мурсиге өлім жазасы үкімі шығаруының қателік екенін жариялады.

279311
Еуроодақ Мысыр сотының өлім жазасы шешіміне наразылық көрсетті

Еуроодақтың Сыртқы саясаттарға жауапты өкілі Федерика Могерини бұл шешімнің аппеляция сотында өзгеруін күткендерін атап айтты.
Могерини «Соттың өлім жазасы шешімі топтық бір сот процесі кезінде қабылданды. Бұл Мысырдың халықаралық заңдар аясындағы жауапкершілігімен ұйқаспайды» деді.
Могерини Мысырдың әділ бір сот кезеңі мен тәуелсіз бір шешім қабылдау үшін қорғаныс құқын кепілдікке алу керектігін атап көрсетті.
Өлім жазасының жауыздық пен адами бір шешім емес екенін атап айтқан Федерика Могерини Еуроодақтың қай шарттарда болмасын өлім жазасына қарсы екенін білдірді.
Басқа жағынан өлім жазаларына әлемнің жан-жағынан келген наразылықтарды айыптаған Мысыр Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Мысырдың ішкі мәселелеріне араласу деген мағынаға келген мұндай мәлімдемелерді қабылдамайды» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар