ИШИМ содырлары Рамади мен Палмира ежелгі қаласына жақындады

Террор ұйымы ИШИМ Ирактың Рамади қаласымен Сириядағы ежелгі Палмира қаласын қолға түсіруге тырысады.

278139
ИШИМ содырлары Рамади мен Палмира ежелгі қаласына жақындады

Ұйым ЮНЕСКО-ның Әлем мұра тізімінде орын алған 2000 жылдық ежелгі Палмира қаласына кірді.
Асад режиміне қарасты жасақтар мен ИШИМ ұйымы арасындағы Палмирада қарқынды қақтығыстар жалғасуда.
Ұйым мүшелері қаланың солтүстігіндегі аумақтарды қолға түсірді.
ИШИМ-нің Иракта жасағандай Палмира ежелгі жәдігерлерін де жермен жексен қылуы алаңдатады.
Қала орталығына қарай жылжыған ИШИМ әскери бір базаны да қоршауға алды.
Ирактық лауазымдылар Рамадиді қорғау үшін жеткілікті әскери күші жоқ екенін білдірді.
Рамади қаласы берілген жағдайда ИШИМ Бағдатқа жақындады.
Басқа жағынан АҚШСирияға арнайы жасақтармен операция жасады. Операция барысында ИШИМ басшыларының бірінің өлтірілгені, жұбайының болса тергеу барысында Иракқа апарылғаны білдірілді.
АҚШ жасаған операцияда өлтірілген ИШИМ басшысының Тунис азаматы Әбу Саййаф екені, ұйымның мұнай, табиғи газ және қаржы жұмыстарына жауапты болғаны мәлімденді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар