Сирияда қауіпсіз аймақ құру мәселесі АҚШ-тың күн тәртібінде

АҚШ Қорғаныс министрлігінің 2016 жылғы бюджеті талқыланады.

265640
Сирияда қауіпсіз аймақ құру мәселесі АҚШ-тың күн тәртібінде

Тақырып АҚШ Қорғаныс министрлігінің 2016 жылы бюджетімен байланысты Сенат өтемдері комитетінің күн тәртібіне келді.
Қорғаныс министрі Эштон Картер «қауіпсіз аймақ» мәселесінде қауіпсіздіктің қалайша қамтамасыз етілетіні тақырыбындағы қиыншылықтарға назар аударды.
Картер «Алдымен бір алаң ашу, кейін сол алаңды қолда ұстау үшін күресуіміз керек» деді.
Бас Штаб Басқармасы төрағасы генерал Мартин Дэмпси болса Орталық күштер қолбасшылығы, Еуропа қолбасшылығы және түрік әріптестерімен біраз уақыттан бері мұндай бір жоспардың дайындықтарын жасап жүргендерін еске салды.
«Әскери тұрғыдан мұны жасай аламыз» деген Дэмпси аса маңызды бір саяси шешімді талап ететін бұл жағдайдың қосымша қаржыны қажет ететініне де назар аударды.
Басқа жағынан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгінгі жиналысында Сирияда режимнің хлор газы қолданғаны жайлы қауесеттерді де талқылайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар