Папуа – Жаңа Гвинеяда қарқынды жер сілкінісі болды

Папуа – Жаңа Гвинея мен Соломон аралдарында цунами ескертуі жасалды.

265755
Папуа – Жаңа Гвинеяда қарқынды жер сілкінісі болды

Тынық мұхиттың оңтүстік батысында орын алған Папуа - Жаңа Гвинеяда 7.2 балл күшінде жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің салдарынан адам мен мүлік шығыны болып болмағаны жөнінде мәлімет берілмеді.
АҚШ Геологиялық зерттеу орталығы зілзала орталығын Бугенвиль аралындағы Пангура қаласының 150 шақырым оңтүстігі ретінде тіркеді.
Мағлұматтарға қарағанда жер сілкінісі жер қабатының 10 шақырым астында болған.
Тынық мұхит цунами ескерту орталығы жер сілкінісінің артынан Папуа – Жаңа Гвинея мен Соломон аралдары жағалауында цунами ескертуі жасады.
Елде 30 сәуір күні 6 мен 7, 5 мамыр күні болса 7.2 балл күшінде жер сілкінісі болған еді. Елде 6 миллионға жуық адам өмір сүреді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар