Еуропа парламенті мигрант дағдарысы жайлы шешім қабылдады

«Мигранттардың терезеден кіруін тоқтатудың жалғыз жолы есіктерді ашу».

256268
Еуропа парламенті мигрант дағдарысы жайлы шешім қабылдады

Еуропа парламенті мигрант дағдарысымен байланысты Еуроодақ мемлекеттерін ең көп шара қабылдауға және заңды миграциялық басқару шараларын арттыруға шақырған шешімі 130-ға 449 дауыспен қабылданды.
Осылайша Еуроодақ мемлекет пен үкімет басшыларының өткен апта қабылдаған Жерорта теңізінде мигрант апаттарының алдын алатын шараларды бекітті.
Осыған қарағанда мигрант кемелерімен жасалған операциялардың бюджет үш есе арттырылады және мигранттардың өту пункті Ливияның шекара көршілері Мысыр және Суданмен ынтымақтастық жасайды.
Еуроодақ кеңесі төрағасы Доналд Туск «Мигранттарды қорғаудың ең мықты жолы олардың кемеге мінуіне кедергі жасау» деді.
Туск Еуроодақ көлемінде ортақ саясат жетілдіруді де ұсынды.
Барлық мүше мемлекеттердің заңдық әдістермен одан көп мигрант қабылдау керектігіне назар аударған Еурокомиссия төрағасы Джан-Клауд Юнкер болса «Мигранттардың терезеден кіруін тоқтатудың жалғыз жолы есіктерді ашу» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар