Еуропадан Сирияға барған шетелдік сарбаз саны 6 мыңға ұласты

Еурокомиссия мүшесі Вера Жоврова Еуропадан Сирияға өткен шетелдік сарбаз санын жариялады.

234978
Еуропадан Сирияға барған шетелдік сарбаз саны 6 мыңға ұласты

Еуроодақтың Әділет, тұтынушылар және теңдікке жауапты комиссия мүшесі Вера Жоврова Еуропадан Сирияға 1 мың 450 француз барлығы 5-6 мыңға жуық шетелдік сарбаздың барғанын мәлімдеді.
Жоврова көптеген Еуроодақ мемлекетінің Түркия, Мысыр және Туниспен құқықтық ынтымақтастық келісімі болғанына қарамастан Сирияға барған күдіктілерді анықтауда жеткіліксіз қалғанын атап көрсетті.
Жаңа жасалатын құқықтық ынтымақтастық келісімдері арқылы шабуыл дайындықтарын анықтау және алдын алуды қамтамасыз етудің жеңілдейтінін атап айтқан Жоврова қазірге дейін адамдар арасында ақша жіберу жұмыстарын анықтаудың өте қиынға соққанын білдірді.
Еурокомиссия мүшесі Жоврова сондай-ақ Париж және Копенгагенде жасалған лаңкестік шабуылдардың артынан Еуропада террормен одан белсенді күрес үшін айдың соңынан бастап маңызды шаралар қабылданатынын атап көрсетті.
Жоврова қауіпсіздік шараларының әсіресе жеке мәліметтерді қорғау мен ұшу нөмірі PNR кодтарын қадағалауды жетілдіру тақырыптарын қамтығанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар