Германияда түрік министрге қорқыту

Көш, үйлесімділік және мигранттарға жауапты министр түрік текті Айдан Өзогузға күн сайын ондаған қорқыту хат келеді.

234685
Германияда түрік министрге қорқыту

Германиядағы коалиция үкіметінде Көш, үйлесімділік және мигранттарға жауапты министр түрік текті Айдан Өзогузға күн сайын ондаған қорқыту хат келеді.


Социал Демократ партиясының мүшесі Айдан Өзогуз Германияда жарияланатын «Welt am Sonntag» газетіне сұхбат берді. Министр күн сайын телефон, хат және әлеуметтік желі арқылы «Сенің орның – дар ағашы», «Мұсылмандар елден кетіңдер» деген қорқытулар мен балағат сөздер алып отырғанын айтты.


Олардан қорықпайтынын білдірген түрік текті министр «Әлеуметтік желі арқылы жасалған қорқытуларға байланысты Facebook-қа өтінішімізге жауап ала алмадық. Осындай қорқытулар тек маған емес, Берлинде де көптеген министрге жасалып отыр» деді.


Министр Өзогуз жазбаша хаттарға байланысты полицияға шағым жасағандарын, алайда нақты дерек болмағандықтан нәтиже ала алмағандарын атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар