Америкадағы түріктер армян лобиясына қарсы акция бастады

Америкадағы түріктер армяндардың Түркияға қарсы бастаған жағымсыз акциясына қарсы бірікті.

226299
Америкадағы түріктер армян лобиясына қарсы акция бастады

Түріктер Вашингтон, Нью-Йорк, Техас және Массачусетсте маңызды орындарға хабарландыру мен жарнамалар іле бастады.
Орталығы АҚШ болған 145 Түрік-американ азаматтық қоғамы тарапынан құрылған Бағыттау комитеті бастаманың алғашқы қадамы ретінде Вашингтондағы кейбір метро аялдамалары мен автобус желілеріне дәу жарнамалар ілді.
Жарнамаларда «Бізді біріктір, бөлшектеме!» ұраны қолданылды.
Алдағы уақытта да «Turkish Institute for Progress» тарапынан Нью-Йорк, Техас және Массачусетс штаттарында ашық алаңдар мен газеттерге жарнама беріледі.
Американдық түріктер Техас, Иллинойс, Массачусетс және Нью-Джерси штат мәжілістеріне Түркияға қарсы жобалар ұсынады.
Армян диаспорасының белгілі бір бөлігінің артқан насихаттау жұмыстарына қарсы “Let History Decide” (Шешімді тарих қабылдасын) ұранымен жұмыс істейтін интернет парақшасын іске қосқан Бағыттау комитеті 18 сәуір күні твиттерде «#lethistorydecide hashtag»пен бір акция бастайды.
Комитет армяндардың 1915 жылғы оқиғаларының жылдығы болып қабылдаған 24 сәуір күні болса Вашингтонда түріктер мен армяндар арасындағы достық көпірлерін құру үшін «Бейбітшілік және ынтымақтастық» ұранымен шеру ұйымдастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар