Ұшақ апаты

Airbus A320 ұшағының бортында 150 адам болған.

280130
Ұшақ апаты

Франция ішкі істері министрі Бернард Газнев Lufthansa әуе жолдарына тиесілі German Wings әуе компаниясының Францияның оңтүстігінде құлаған Airbus A320 ұшағының қара жәшіктерінің біреуінің табылғанын білдірді.
Airbus A320 ұшағының бортында 150 адам болған. Бұған дейін БАҚ 142 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі бар екенін хабарлап, құтқару жұмысы үшін жандармерияларға міндет берілгені, 10 тікұшақ пен 1 әскери ұшағының қолданылғаны баяндалды.
Ұшақ «Дюссельдорф-Барселона» бағыты бойынша бет алған. Оның бортында болған жолаушылардың көпшілігі Германия азаматтары.
Франция президенті Франсуа Олланд ұшақ бортындағы адамдардың тірі қалуы екіталай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Твиитерде ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
Түркия Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ ұшақ апатында бір түрік азаматының қаза тапқанын мәлімдеді.
Апаттан кейін мәлімдеме жасаған Германия премьер-министрі Ангела Меркель болса апат себебінің жарыққа шығаруы үшін Франция және Испаниямен бірге жұмыс істейтіндерін білдірді.
АҚШ президенті Барак Обама да апатта қаза тапқан 150 адам және отбастары үшін дұға қылғандарын айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар