Украина президенті армия қолбасшыларымен басқосты

Украина президенті Петр Порошенко Донбас аймағының 70 пайызын кері қайтарғандарын мәлімдеді.

278955
Украина президенті армия қолбасшыларымен басқосты

Украина президенті Петр Порошенко Украина Ұлттық Қорғаныс Университетінде армия қолбасшыларымен басқосты.
Президент шығыстағы қақтығыстарда ерлік көрсеткен 4 қолбасшыға «Украина батыры» атағы берілді.
Рәсімде сөз алған Украина президенті Петр Порошенко 2014 жылы 5-23 тамыз аралығында қарулы күштер тарапынан ресейшіл жікшілдердің бақылауындағы аймақтарға 40-тан астам әскери операция ұйымдастырылғанын атап, 100-ден астам тұрғын алаңына қоса Донецк пен Луганск қалаларының 70 пайызының құтқарылғанын айтты.
Порошенко болуы ықтимал жаңа шабуылдарға қарсы дайындалғандарын атап, өздеріне бағытталатын шабуылдарға әрқашан дайын екендерін білдірді.
Елдегі қақтығыстарда қарулы күштердің тәжірибесін арттырғанын түсіндірген Порошенко Украинаның құрлықтағы ең мықты армияға ие 5 елдің бірі екенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар