Австралия БҰҰ-ның рапортын қатаң түрде сынға алды

Премьер-министр Эббот рапортта елі туралы жасалған сын-ескертпелерге наразылық көрсетті.

255232
Австралия БҰҰ-ның рапортын қатаң түрде сынға алды

Австралия премьер-министрі Тони Эббот елге қайықтармен келген және ұсталған соң Манус аралы тергеу орталығындағы босқындармен байланысты дайындалған рапортты қатаң түрде сынға алды.
Премьер-министр Эбботт австралиялықтардың БҰҰ-ның ескертулерінен шаршағанын атап «БҰҰ өкілдері Австралия үкіметінің табыстарын назарға алатын болса, одан жақсы қызметін атқарар еді» деді.
Манус аралы тергеу орталығындағы шарттардың жеткілікті екенін алға тартқан Эббот осында өмір сүргендердің негізгі қажеттіліктерінің қамтамасыз етілгенін атап айтты.
БҰҰ рапортшысы Хуан Мендез тарапынан дайындалған рапортта тергеу орталығындағы жәбірлеулерге назар аударылып, балалардың осы аралда ұсталуын сынға алады.
Рапортта Австралия жәбірлеу, жаман қылық көрсету, адамгершілікке жараспаған ұстанымдар мен жазалар тақырыпты кемшіліктерге орын берілген.
Рапортта сондай-ақ біреуі Шри-Ланка және екіншісі Тамил екі топ босқынның елден шығарылуы себепті Австралияның халықаралық келісім-шарттарының тапталғаны атап көрсетіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар