Күн энергиясымен жұмыс істейтін ұшақ жаһан саяхатын бастады

«Таза энергия» деген ұранмен жасалған ұшақ – 13 жылдық еңбектің нәтижесі.

254897
Күн энергиясымен жұмыс істейтін ұшақ жаһан саяхатын бастады

Күн энергиясымен жұмыс істейтін ұшақ жаһан саяхатын бастады.


Күн энергиясымен ұшатын The Solar İmpulse атты ұшақ бірсыпыра сынақтан кейін әлем сапарына шықты.


Ұшақ Абу-Дабиден бүгін таңертең сол елдің уақытымен сағат 07:12-де көтерілді.


Ұшақ жаһан сапарын табыспен аяқтаса, бұл жаңаланатын энергия көздерінің тиімділігі тұрғысынан маңызды емтихан деп қабылданады.
«Таза энергия» деген ұранмен жасалған ұшақ – 13 жылдық еңбектің нәтижесі.


Ұшақты 63 жасар швейцариялық ұшқыш Андре Боршберг ұшырады, ұшқыш Бертранд Пикарт те оған серік болады.
Ұшақтың бірінші аялдамасы Оманның бас қаласы Мускат болады.


Күн энергиясымен жұмыс істейтін ұшақтың әлем сапарының 5 аяда аяқталуы көзделіп отыр. Осы мерзімде 12 аялдама анықталды. Ұшақ барлығы 25 күн ұшады.


Күн энергиясын жинайтын ұшақтың қанаттарының ұзындығы 72 метр.


Ұшақ өте жеңіл. Ол сағатына орташа 50-100 км жылдамдықпен ұшады.
Батареясын тиімді қолдану үшін төмен жылдамдықта және көбіне түнде ұшатын болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар