Палестина азаттық ұйымының 27-ші Жалпы кеңесі Рамаллахта өтті

Махмут Аббас Израиль басқыншылығы жойылмайынша дағдарыстың тоқтамайтынын білдірді.

249108
Палестина азаттық ұйымының 27-ші Жалпы кеңесі Рамаллахта өтті

Махмуд Аббас Палестина Азаттық Ұйымының «Тұрақтылық пен Халық көтерілісі» тақырыпты Рамаллахта ұйымдастырған 27-ші Жалпы кеңесінде баяндама жасады. Аббас баяндамасында Израильдің палестиналықтарға бағыттаған тапшылықтарына назар аударды.
Аббас «Израиль басқыншылығы жойылмайынша аймақтағы дағдарыстар жалғасады. Уақытша шекараларды мойындамаймыз және Еврей мемлекетін де танымаймыз» деді.
Палестина елбасы 2014 жылдың сәуір айында тоқтаған бейбітшілік келіссөздерінің Израильдің еврей тұрғын аймақтары саясатын тоқтатуы, тұтқындарды еркін жіберуі және келіссөздерге қосылуымен мүмкін екенін атап көрсетті.
Аббас Израильді Иерусалимді палестиналықтардан тазалау үшін күн сайын халықаралық заңдарды таптап, шіркеулер мен мешіттерге басып кірумен де айыптады.
Палестина елбасы Махмут Аббас астанасы Шығыс Иерусалим болған 2 мемлекетті шешімді қолдағанын қайталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар