Болгарияда мешітке нәсілшіл шабуыл жасалды

Болгарияның Благоевград қаласындағы бір мешіттің кірісіне шошқаның аяқтары мен қанды жүрегі тасталды.

247576
Болгарияда мешітке нәсілшіл шабуыл жасалды

Болгар баспасөзі оқиғаның провокация екенін жариялады. Оқиғаның Болгарияның Османлы империясынан айырылып тәуелсіздік жариялаған 137 жылдығы тойланған күнге дөп келуі назар аударды.
Оқиғаның кім тарапынан жасалғаны қазірше белгісіз.
Благоевград аймағында өмір сүрген мұсылмандар өткен апта соңғы кезде аймақта ислам дініне бағытталған шабуылдарды протест ету мақсатты Гоце Делчевте шеру ұйымдастырған болатын. Шеруге қатысқан көптеген мұсылман «Бөлшектенушілік пен исламофобияға қарсымыз» деген ұранмен ереуілшілер болгар қоғамын діни мейірімділік пен құрметтеуге шақырды.
Болгария мұсылмандары бас мүфтилігі лауазымдылары болса нәсілшіл топтардың мұсылмандардың ғибадатханаларын нысанаға алған шабуылдарының соңғы кездері жүйелі түрде артуына наразылық көрсеткен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар