‘Қару тастау шақыруы’ әлем баспасөзінде кең орын алды

Шақыру әлем баспасөзінде жаңғырық туғызды.

242592
‘Қару тастау шақыруы’ әлем баспасөзінде кең орын алды

Премьер-министр орынбасары Ялчын Акдоған және Халықатардың демократия партиясы (HDP) делегациясының кездесуінің артынан жасалған мәлімдемелер әлем баспасөзінде кең орын алды.
Аталмыш жаңалықты алғашқы жариялаған Рейтер агенттігі болды. «Абдуллах Өджалан жақтаушыларын көктем айларында қарусыздану конференциясына қатысуға шақырды» деген Рейтер мұның Түркияның ПКК-мен 30 жылдық күресінде маңызды бір қадам екенін атап көрсетті.
Хабарда HDP депутаты Сырры Сүреййа Өндердің тікелей эфирде Өджаланның мәлімдемесін оқығаны атап көрсетілді.
Рейтер «Өджаланмен 2012 жылдың соңынан бері жалғастырылған келіссөздердің 1984 жылдан бері 40 мыңнан астам адам қаза тапқан қақтығыстардың жойылуын мақсат еткені» атап көрсетілді.
Associated Press болса «Өджалан ПКК-ны қаруларын тастауға шақырды» тақырыпты хабарында «HDP депутаты Сырры Сүреййа Өндер Өджаланның ПКК-ны көктем айларында кезектен тыс құрылтай ұйымдастыруға шақырып, ұйымның күресінде тарихы бір шешім қабылдауға шақырды» деп хабарлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар