Ресей Иранға зымыран сатады

Ресей мен Иран арасында зымыран сауда келісімі қайтадан күн тәртібінде.

364957
Ресей Иранға зымыран сатады

Ресей мен Иран арасында зымыран сауда келісімі қайтадан күн тәртібінде.


Бұл келісім 2007 жылы қол қойылып, бірақ Иранға бағытталған БҰҰ санкциясы себебімен тоқтатылған болатын.


Енді Ресей Иранға S-300 әуе қорғаныс жүйесінің жаңа варианты Antey-2500 зымырандарын ұсынды.


Ресейдің осы қадамы ядролық бағдарлама тақырыбында келісімге келуі үшін Иранды санкциялармен көндіруге тырысқан батыс елдеріне қиындық келтіретіні айтылуда.


2007 жылы Иран мен Ресей арасында 800 миллион АҚШ доллары мөлшерінде бес зымыран батареясы үшін келісім жасалған еді.


Алайда 2010 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен осы елге зымыран мен зымыран жүйелерін сатуға тыйым салынып, келісім тоқтап қалған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар