Боснияда жаңа үкімет

Министрліктер партиялар арасында бөлісілді.

228828
Боснияда жаңа үкімет

Босния-Герцоговинада бірнеше айдан бергі белгісіздіктен кейін коалиция үкіметі анықталды.


2014 жылғы қазан айында өткен сайлаудан жеңіп шыққан партиялар арасында 9 министрлік бөлісілді.


Осыған қарағанда, хорват партиясы Хорват Демократ одағына үш, Өзгеріс үшін коалицияға үш, Демократ майданына бір және Демократ іс партиясына екі министрлік берілетін болды.


Босния-Герцоговина үштік мемлекет басқару кеңесі бұдан бұрын Демократ іс партиясынан Денис Звидичті Министрлер кабинеті төрағасы ретінде тағайындаған болатын.


Хорват Демократиялық одағынан Маринко Чавара Федерация басшылығын, Мелика Махмутбегович пен Милан Дунович болса төраға орынбасарлық міндеттерін атқарады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар