Радикализм саммиті аяқталды
Саммит соңында жазбаша декларация қабылданды.
Ақ үйде «Күш қолдану және радикализммен күрес саммиті» болып өтті.
Үш күндік жиналыстың аясында жазбаша декларация жарияланды. Қатысушылар қыркүйек айындағы БҰҰ жалпы ассамблеясын аясында лидерлер деңгейінде бас қосып, радикализммен күресте карта дайындауға уәде берді.
Соңғы кездері болған Дания, Франция, Австрия, Канада, Пәкістан, Ливия, Мысыр, Нигерия, Сомали, Йемен және Сирия мен Ирактағы лаңкестіктер айыпталған декларацияда қатысушылар радикализм бағытындағы топтармен күресуге уәде беріп. Жергілікті діни және қоғамдық жетекшілерге қолдау беру керектігін атап көрсетті.
Декларацияда қатысушылар айырықша «күш қолдануды қамтитын радикализм» терминінің «терроризм» секілді ешбір дін, ұлт, өркениет немесе этникалық топпен байланыстырылмауы керектігін атап көрсетті.
Саммиттің жабылу баяндамасын оқыған Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Сьюзан Райс саммитте маңызды қадамдар басылғанын білдіріп, «Күш қолдануды қамтитын радикализм ешкімге, адамдарға немесе елдерге тән нәрсе емес» деді.
Саммитке Түркия атынан Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмаз қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Газа секторында қаза тапқандар саны 37 мың 431-ге жетті
Израиль армиясы Газа секторындағы қырғындарын 258 күннен бері жалғастыруда.
Францияда мешітке шабуыл жасалды
Франциядағы Монтаубанда салынып жатқан мешіт қабырғасына бояумен свастика сызылды.