АҚШ-тың Ұлттық барлау ұйымы директоры өзгерді

АҚШ-тың Ұлттық барлау ұйымы (CIA) директорлығына Джозеф Клэнси тағайындалды.

223482
АҚШ-тың Ұлттық барлау ұйымы директоры өзгерді

Бірінен соң бір қайталанған қауіпсіздік тапшылықтарының артынан барлау ұйымы директоры Джулия Пирсонның отставкаға кетуінің артынан бұл қызметті уақытша атқарған Джозеф Клэнсидің ресми түрде тағайындалғаны білдірілді.
Тағайындау шешімін Ақ үй әкімшілігі жариялады.
2011 жылы Президенттің қорғау басқармасынан зейнетке шыққан Джозеф Клэнси президент Обама мен жұбайы жақсы таныған бір тұлға.
3 жылдан бері арнайы бір фирманың қауіпсіздік қызметін атқарған Клэнси сондай-ақ Вест Поинт әскери академиясын бітірген.
Өткен айларда алдымен Атлантада бұрын қылмыстық тіркеуге алынған қарулы қауіпсіздік қызметкерінің президент Обамамен бірдей лифтке мінгені ортаға шыққан, қысқа уақыт бұрын болса пышағы бір жас барлық қауіпсіздік шараларынан өтіп, Ақ үйге кірген болатын.
Осы екі оқиғаның артынан ауыр сынға алынған бұрынғы директор Джулия Пирсон отставкаға кеткен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар