Ливияға ұшақ рейстерін тоқтатты

Ливия ұшақтары да Марокко әуе кеңістігін қолдана алмайтын болды.

220629
Ливияға ұшақ рейстерін тоқтатты

Марокко әуе жолдары Ливияға рейстерін тоқтатты.


Марокко Ішкі істер министрлігі осылай деп хабарлады.


Хабарламаға қарағанда, Ливия әуежайларындағы қауіпсіздік халықаралық авиация стандарттарына сай болмағандықтан осы елге ұшақ рейстері уақытша тоқтатылды.


Ливия әуе жолдарының ұшақтарына да Марокко әуе кеңістігін қолдануға рұқсат берілмейді. Елдеріне оралатын Марокко азаматтары болса Ливияға көрші елдер арқылы келе алады.


Террор ұйымы ИШИМ 20 Мысыр азаматын Ливияда топтық түрде өлтірген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар