Жерорта теңізінде ауыр трагедия

Ливиядан Лампедуза аралына заңсыз жолмен бара жатқан 27 эмигрант үсіп өлді.

215364
Жерорта теңізінде ауыр трагедия

Солтүстік Африкадан Еуропаға бару үшін жолға шыққан 27 заңсыз эмигрант Жерорта теңізінде үсіп жан берді.
Итальян теңіз қорғаныс күштеріне қарасты топ Ливияға жақын Лампедуза аралы маңында суға бататын бір қайықты құрлыққа тартты.
Қаықтағы 105 заңсыз эмигранттың 27-сі Лампедуза аралына келе жатқанда суық күн райы салдарынан үсіп өлді. Қалған эмигранттар болса ауруханаға жеткізілді.
Құтқару тобы лауазымдылары қайық табылған аймақта толқынның 8 метрге дейін көтерілгенін және күн райының минус екенін мәлімдеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар