Косово тарихының екінші ірі көші

Үкімет көшті тоқтатудың амалын іздестіруде.

215094
Косово тарихының екінші ірі көші

Косово тарихының екінші ірі көші


Тәуелсіздігін жариялағаны он жыл болған елдің тұрғындары Батыс Еуропа елдеріне көшіп жатыр.


Соңғы үш айда мекен ауыстырғандардың саны 50 мыңнан асты.


Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропа Одағы осы проблемаға үлкен назар аударып отыр. Косово әкімшілігінен тез арада шешім табуын сұрады.


Косово мәжілісі болса алғашқы сатыда азаматтардың мемлекетке қарыздарын өшіруді күн тәртібіне келтірді.


Мәжіліс осы аяда Ішкі істер министрлігінен көшті ұйымдастырып отырған қылмыстық топтармен күресті нығайтуын сұрады. Осы бағытта да парламенттегі барлы саяси фракциялардан қолдау алған шешім жарияланды.


Аталмыш шешімде жаңа жұмыс салаларының ашылуы жөнінде үкіметті міндеттендіру, заңсыз көштің алдын алу мақсатында бір фонд құрылуы, отандық өнімдердің рейтингін көтеру бағытында қаржы саясатының өзгертілуі, ЕО комиссиясының ұсынысымен кеден пункттерін жеңілдік жасалуы және отандық өндірушілерге көмек көзделіп отыр.


Үкімет болса 2008 жылға дейінгі электр, салық, түрлі айыппұл және пайыз қарыздарын өшіру үшін жаңа реттеу шығаратынын хабарлады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар