Мюнхенде Украина мәселесі қолға алынды

51-ші Мюнхен қауіпсіздік конференциясы басталды.

213487
Мюнхенде Украина мәселесі қолға алынды

Халықаралық қауіпсіздікке байланысты күн тәртіптегі мәселелер Германияның Мюнхен қаласында үстелге қойылуда.
51-ші Мюнхен қауіпсіздік конференциясы басталды.
Көптеген үкімет және мемлекет басшысы қатысқан конференцияда Украина дағдарысы басты орын алды.
Конференцияның беташарында баяндама жасаған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Украинадағы соғыстың дереу тоқтатылуы жөнінде үндеу тастады.
Германия Қорғаныс министрі Урзула Фон Детайн болса Украина армиясына қару жәрдемін қамтамасыз етуге қарсы екендерін білдірді.
Жиналысқа қатысқандар арасында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров, АҚШ президент орынбасары Джо Байден, Украина президенті Петр Порошенко және Германия премьер-министрі Ангела Меркель де бар.
Жиналыс аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Шығанақ елдері сыртқы істер министрлерімен кездесті.
Керри сонымен қатар Иран Сыртқы істер министрі Жеват Зарифпен де бас қосты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар