Ципрас пен Анастадиас Кипрда бас қосты

Грекияның премьер-министрі Ципрас шетелге тұңғыш сапарын Кипр Понти әкімшілігінен бастады.

206544
Ципрас пен Анастадиас Кипрда бас қосты

Ципрастың аймаққа сапары барысында түріктер туралы көзқарастары да аса маңызды болып табылады.
Өйткені тарихта тұңғыш рет бір грек премьер-министрі кипрлық түріктермен бас қосып, Кипр мәселесі жайлы пікірлерін сұрайды.
Кипрдың оңтүстігінде бір қонақ үйде жүзеге асатын жиналысқа Жоғалған азаматтар қоғамына мүше түріктер де шақырылды.
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы елбасы (СКТР) Дервиш Ероғлу да жаңа премьер-министрге шақыру тастады.
Ероғлу «Ципрас еліне және аймаққа бейбітшіл үлес қосқысы келсе, Кипр саясатын радикалды түрде өзгерту керек» деді.
Ципрас сапары барысында патриарх Хрисостомос ІІ мен де кездеседі.
Грек премьер-министрі аралдағы байланыстарының артынан Рим, Париж және Брюссельге барады.
Ципрастың Еуропа байланыстары барысында басшылардан үкіметтің жаңа бір құтқару бағдарламасы дайындалғанша уақыт сұрауы күтіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар