Украина елдегі жікшілдермен күресуге табанды

Парламент елдің шығысындағы Ресейшілдерді «террористік ұйым» деп атады.

200642
Украина елдегі жікшілдермен күресуге табанды

Украина елдегі жікшілдермен күресуге табанды.


Парламент елдің шығысындағы Ресейшілдерді «террористік ұйым» деп атады.


Осылайша қазірге «террормен күрес» заңдары ресейшіл жікшілдерге қарсы атқарылатын болады.


Бұл жікшілдердің ел ішінде жүріп-тұруына кедергі, банк есепшоттарын бұғаттау деген мағынаға келеді.


Сонымен қатар бұл қадам Ресейді жақтайтындармен келісім жолын да жабады. Себебі Ресей Украинадағы жікшілдерді бейбітшілік келісімін жүргізуге шақыруынан кейін қабылданған осы шешім Мәскеуге құқай секілді.


Киев әкімшілігі осылайша Мәскеуге келіссөздің бір ғана тарабы бар екенін білдірді.


Украина президенті Петро Порошенко Владимир Путинге бір хат жазып, ресейшілдерді атысты тоқтатуға және Минск келісімдерін орындауға көндіруге шақырды.


Осы арада Киевте жүрген Америка Құрама Штаттары Қазына министрі Джейкоб Лью Украинаға 2 миллиард доллар несие беретін келісімге қол қойды.


Лью Ресейге санкциялардың артатынын білдірді.


ЮНИСЕФ-тен де жағдайдың нашар екендігін көрсететін бір мәлімдеме келді. ЮНИСЕФ Украинаның шығысындағы Донецкте 1100 баланың жер астындағы баспаналарда тұрып жатқанын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар