АҚШ пен Нигерия Боко Харам террорына қарсы ортақ күреседі

Батыс Африка мемлекеті Нигерияға АҚШ әкімшілігінен қолдау келді.

197546
АҚШ пен Нигерия Боко Харам террорына қарсы ортақ күреседі

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри осы елге ұйымдастырған сапарында Боко Хараммен күреске қолдау беретіндерін атап көрсетті.
Керри Нигерия сапары барысында елбасы Гудлак Джонатан және оппозиция басшыларымен бас қосты.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы байланыстарының артынан жасаған мәлімдемеде «АҚШ жазықсыз халыққа бағытталған шабуылдардың жойылуы үшін Нигерия армиясымен ортақ жұмыстанады» деді және соңғы күндері артып отырған қақтығыстарды қатаң түрде айыптады.
Нигерия елбасы Гудлак Джонатан болса Джон Керримен кездесуінде елінде «еркін, әділ және сенімді бір сайлау» өткізілуі үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етуге уәде берді.
Басқа жағынан Нигерия армиясы Боко Харамның соңғы шабуылын тоқтатты.
Батыс Африка мемлекеті Нигерияның Борно уәлаятының астанасы Майдугуриде, Боко Харам мүшелерінің шабуылына тойтарыс берді.
Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Боко Харам мүшелерінің көпшілігінің жансыз қолға түскенін, кейбірлерінің де жаралы екенін атап көрсетті.
Мәлімдемеде террористтерге тиесілі қару-жарақтардың жойылғаны білдірілді.
Шабуылшылардың әуеден бомбаланғаны және 100-ден астам ұйым мүшесінің өлтірілгені жарияланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар