ИШИМ террор ұйымы кепілдікке алған жапондардың бірін өлтірді

Жапон лауазымдылар интернетке салынған таспаның растығын зерттеуде.

196766
ИШИМ террор ұйымы кепілдікке алған жапондардың бірін өлтірді

Жазылған дауыстардың рас болу ықтималы бар екенін айтқан Жапония премьер-министрі Шинзо Абе мұндай терроризмнің қорқынышты және қабылданбайтынын атап айтты.
Интернетте жарияланған бір бейнетаспада кепілдікке алынған екі жапонның бірі Кенжи Гото екінші жапон азаматы Харуна Юкаваның өлтірілгенін атап айтады.
Қауесеттер әлі расталмаса да кепілдікке алынған жапон азаматының өлтірілгені жайлы хабардың артынан АҚШ президенті Барак Обама мен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон айыптады.
ИШИМ террор ұйымының Жапонияға екі жапон үшін 200 миллион доллар кепілдік сұрауының артынан 24 сағаттан астам уақыт өтті.
Жекеменшік бір әскери фирмаға ие екені жарияланған 42 жасар Харуна Юкаваны тамыз айында Сирияда алып қашқан болатын.
Журналист Кенжи Гото болса Юкаваны іздеу үшін өткен жылы Сирияға барған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар