Сирияда химиялық қарулар сақталған ангарлар жабылады

Сирияда мыңдаған адамның өліміне себеп болған химиялық қарулар толығымен жойылады.

190991
Сирияда химиялық қарулар сақталған ангарлар жабылады

Бұл қарулар өндірілген және сақталған қойма мен ангарларды жабу жұмыстары басталды.
Қарулар сақталған ангар мен қоймаларды босату үшін алдында 2 рет уақыт белгіленген болатын.
Сирия үкіметі қазірге дейін ішкі соғыс, қолайсыз күн райы шарттары, логистикалық мәселелер және жабдықтаудың кемшілігін сылтауратып химиялық қаруларды өткізуді кешіктірген болатын.
Өткен жылы 1 мың 300 тонналық химиялық қару өткізген Дамаск әкімшіліг осы қарулардың өндірісінде қолданылған материалдар мен жабдықтарды өткізбеген еді.
Қазір бұл қоймалардың алғашқысын жабу жұмыстары басталды. Барлығы 7 ангар Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымы инженерлері де қатысқан келіссөздерде қолға алынып, қалай жабылатыны бағаландырылды.
Асад режимі 2013 жылы 21 тамыз күні Дамасктың Гонута ауданында мыңнан астам адамды қырған сарин газы шабуылының артынан ұйымға мүше болды.
Сирияда 2011 жылдың наурыз айында басталған ішкі соғыста қазірге дейін 200 мың адам қаза тапты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар