Хорватияда сайлаудың екінші туры 11 қаңтарда

Бірінші турда ең көп дауысты алған екі кандидат 11 қаңтар жексенбі күні екінші мәрте жарысады.

179204
Хорватияда сайлаудың екінші туры 11 қаңтарда

Хорватияда сайлаудың екінші туры 11 қаңтарда өтеді. 


Президенттік сайлауының 28 желтоқсан күні өткен бірінші турында ең көп дауысты алған екі кандидат 11 қаңтар жексенбі күні екінші мәрте жарысады.


Социал демократ партияның кандидаты, қазіргі президент Иво Йосипович пен ұлтшыл Хорват демократиялық одағының әйел кандидаты Колинда Грабар Китарович бақ сынасады.


Екі кандидат та сайлау науқаны бойы өзгеріс және реформаға назар аударды.


Алғашқы турда бір-біріне жақын дауыс жинаған екі кандидаттың тағдырына бірінші турда жеңіліп қалған екі кандидатқа дауыс берген сайлаушылар маңызды рол ойнайды.


Хорватияда 3 миллион 779 мың 281 сайлаушы бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар