Қара құтыдан белгі келді
Қара құтыны табу үшін іздеу жұмыстары жалғасуда.
Индонезиядан Сингапурға бара жатып құлаған AirAsia әуе жолдарының жолаушы ұшағының қара құтысынан белгі келді.
Қара құтының табылуы үшін іздеу жұмыстары жалғасуда.
Индонезия флотының сүңгуірлері Ява теңізінде құйрық жағы табылған ұшақтың қара құтысын табу үшін сүңги бастады.
Ұшақтың құлау себебін анықтау үшін қара құтыны табу маңызды.
Осы арада ұшақ апатында қаза тапқан жолаушылар үшін жақын тумаларына орташа 100 мың доллардан құнақы төленетіні хабарланды.
Қазірге дейін табылған 40 мүрденің 25-інің кім екені анықталды.
Ұшақта 162 адам бар еді. Олардың жетеуі экипаж болған.
Ұқсас жаңалықтар
Газа секторында қаза тапқандар саны 36 мың 550-ге жетті
Израиль армиясы 7 қазан күнінен бері Газа секторындағы қырғындарын жалғастыруда.
Польшада тыңшылық операциялары аясында 18 адам ұсталды
Польша Ішкі қауіпсіздік қызметі желтоқсан айынан бері 18 адамды қамауға алынғанын хабарлады.