Палестина қайта БҰҰ-на ұсыныс жасайды

Мемлекет мәртебесі алу үшін жасалған ұсынысына БҰҰ-нан болымсыз жауап алған Палестина кері қадам баспайды.

171975
Палестина қайта БҰҰ-на ұсыныс жасайды

Палестина Елбасы Махмуд Аббас Иорданиямен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қайта ұсыныс беру туралы келіссөздерді жүргізгенін жариялады.
Аббас ұсыныстары кері қайтарылған жағдайда үшінші тіпті төртінші рет ұсыныс жасалатынын атап көрсетті.
Кеңесте уақытша мүше болған ИорданияИзраильдің 1967 жылғы шекараларына шегінуін және астанасы Шығыс Иерусалим болған тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын қамтыған бір жобаны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынған болатын.
Бірақ АҚШ-тың алдында вето ететінін жариялағаны шешім жобасы қабылданбаған еді. Дауыс беру кезеңінде 8 ел қолдау берсе, АҚШ пен Австралия жобаны вето етті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар