Киршнер аяғын сындырып алды

Аргентина президенті Кристина Элизабет Фернандес де Киршнердің Ватиканға жасайтын сапары кешіктірілді.

165945
Киршнер аяғын сындырып алды

Аргентина президенті аяғын сындырып алды.


Аргентина президенті Кристина Элизабет Фернандес де Киршнердің жарақаттануына орай Ватиканға жасайтын сапары кешіктірілді.


Аргентина президенті Кристина Элизабет Фернандес де Киршнер тайғақ жерде жығылып қалып сол аяғын сындырып алды.


61 жасар Фернандес де Киршнер демалуға барған Ель-Калафате қаласында үйінде жығылып қалды.


Оқиғадан кейін Киршнердің қаңтар айында Ватиканға жасайтын сапары кешіктірілді.


Киршнердің Ватиканға сапарында 1984 жылы Аргентина мен Чили арасында қол қойылған бейбітшілік келісімінің жылдығына арналған іс-шараға қатысуды, Чили президенті Мишель Бачелет және Аргентина текті Папа Францискпен кездесуді жоспарлаған болатын.


Аргентина президенті Кристина Элизабет Фернандес де Киршнер 3 қарашада қызуы жоғарлап, бір апта емханада жатқан еді.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар