БҰҰ Палестина жобасын қабылдамады

Жоба БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қаралды, алайда қабылданбады.

166356
БҰҰ Палестина жобасын қабылдамады

Аталмыш жоба Израильдің өзі басып алып отырған Палестина жерінен кетуін және астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын көздеген болатын.


Жоба БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қаралып, қабылданбады.


Аталмыш жобаның қабылдануы үшін БҰҰ-ға мүше тоғыз елдің қолдау беруі және тұрақты мүшелердің ешбірінің вето құқығын қолданбауы керек еді.


Франция, Иордания, Чили, Аргентина, Чад, Люксембург, Қытай және Ресей «қабыл» даусын берді, алайда қажетті 9 дауыс жиналмады.


Америка Құрама Штаттары да вето құқығын қолданды.


Аустралия жобаға «қарсы» дауыс берді, Ұлыбритания, Литва, Нигерия, Оңтүстік Корея мен Руанда қалыс қалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар