Пешмерга жасақшыларының Синжарды азат ету операциясы жалғасуда

Пешмерга жасақшылары мен ИШИМ мүшелері арасындағы қақтығыстар мергендердің атысымен жалғасты.

157401
Пешмерга жасақшыларының Синжарды азат ету операциясы жалғасуда

Ирактың Мосул қаласының Синжар ауданында Пешмерга жасақшылары мен террор ұйымы ИШИМ мүшелері арасындағы қақтығыстар мергендердің атысымен жалғасты.
Қақтығыстарда ауыр қарулардың орнына жеңіл қарулар қолданылды.
ИШИМ-нің жанкешті шабуылдары мен бомбалы тұзақтары Пешмерганың ілгерілеуіне кері әсер етеді.
Синжардағы қақтығыстарда Сириядан келген YPG жасақтары да ИШИМ-ге қарсы Пешмергаға қолдау береді. Коалиция күштеріне тиесілі жойғыш ұшақтар болса ИШИМ нысаналарына бағытталған шабуылдарын жалғастырып күрд топтарға қолдау береді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар