«Террормен күресте Араб-Ислам коалициясы құрылғаны жөн»

Иордания королі Абдуллах террормен күрестің маңыздылығына тоқталды.

155545
«Террормен күресте Араб-Ислам коалициясы құрылғаны жөн»

Иордания королі Абдуллах «Террормен күресте Араб-Ислам коалициясы құрылғаны жөн» деді.


Иордания королі Абдуллах «Террормен күресте Араб елдері арасында ортақ бір коалиция құрылуы керек» екенін атап көрсетті.


Король Абдуллах еліндегі және аймақтағы оқиғаларды талқылау мақсатымен бұрынғы премьер-министрлерді қабылдаған кездегі сөзінде «террористік идеологиядағы ұйымдар Сирия және Иракпен шекті қалмайды. Басқа араб және әлем елдеріне де тарайды» деп көрсетті.


Король Абдуллах араб халықтары террор қаупі жойылғанда, Палестина мәселесін қамтыған барлық ауыртпалықтармен айналысуға мүмкіндік табатынын білдірді.


Иордания королі Абдуллах «Араб-Ислам елдерінің осы аядағы басты міндеті террормен күресте Исламның кең пейілділік, әділет және сабырлылық принциптерін негіз ете отырып, көлемді және стратегиялық бір әдістеме арқылы жұмыстанғаны әбзал» деді.


Иордания королі Абдуллах террор мен ұшқарылықты қолдайтын түсініктермен күрестің қысқа уақытта әскери, ұзақ мерзімде идеологиялық бір күрес екенін атап өтті.

 

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар